Алланы өтірік қаралаған немесе Оның аяттарын жасынға шығарған біреуден кім залымырақ? Олар Кітаптағы тиесілеріне қауышады. Ақыр елшілеріміз олардың жандарын алуға келіп: «Алладан өзге сиынатындарың қайда?»,- дегенде: «Олар бізден ғайып болды» деп, өздерінің қарсы болғандықтарына өздері айғақ болды.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырғаннан / жала жапқаннан / немесе Оның аяттарын өтірік санағаннан өткен әділетсіз бар ма? Міне, соларға Кітаптан үлестері тиеді. Ал, оларға елшілеріміз / жан алушы періштелер! жандарын алу үшін келген кезде: «Аллаһты қойып, табынғандарың қайда?» - дейді. олар / :«Олар бізден жоқ болып кетті» - деп, өздерінің кәпірліктеріне өздері айғақ болады.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي