Егер қаласақ, аятарымыз арқылы әрине оны жоғарлатар едік. Бірақ ол, жерге еңкейіп (дүниеге беріліп) нәпсіне ерді. Сонда оның мысалы: Егер оған тап берсеңде тілін салақтатып, не оны қойып қойсаң да тілін салақтататын ит тәрізді. Аяттарымызды жасынға шығарған елдің мысалы осы. (Мұхаммед Ғ.С.) Уақиғаны оларға айтып бер. Бәлкім олар түсінер.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Егер қаласақ, оны сол / аяттар, иман / арқылы жоғары көтерер едік. Алайда, ол жерге / дүние қызықтарына / жабысып, өзінің көңіл құмарлығына ерді. Оның сиқы - оған тиіссең де тілін салақтататын, тиіспесең де тілін салақтатып тұратын бір ит секілді. Аяттарымызды өтірік санаған адамдардың мысалы - осы. Оларға ойланулары / ғибрат алулары / үшін хабарларды айтып жеткіз.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي