(Мұхаммед Ғ.С.): Әй адам баласы! Мен барлығынға Алланың елшісімін; Ол сондай Алла, жер мен көктің иелігі Оған тән. одан басқа тәңір жоқ. Ол тірілтеді де өлтіреді. Аллаға және Алланың сөздеріне сенген, жіберілген сауатсыз Пайғамбарға иман келтіріңдер. Және оған еріңдер, әрине тура жол табасыңдар де.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ей, адамдар! Ақиқатында мен - сендердің барлығыңа / жіберілген / Аллаһтың Елшісімін. Аспандардың және жердің иелігі - Онікі. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол тірілтеді және өлтіреді. Тура жол табу үшін Аллаһқа сеніңдер және Оның Елшісіне, - Аллаһқа әрі Оның сөздеріне сенуші, оқу жазуды білмейтін, Пайғамбарға - сеніңдер және оған еріндер», - деп.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي