Мұса (Ғ.С.) еліне ыза болып, кейіген түрде қайтқан кезде: «Менен кейін маған нендей жаман іс істедіңдер! Раббыларынның әміріне асықтыңдар ма?»,- деп (Тәурат) тақтайларын тастай салып, туысы (Һарұн) ның басынан ұстап өзіне қарай тарта бастады? (Һарұн): «Әй анамның ұлы! Расында бұл ел мені, басынып тіпті өзімді өлтіруге жақындады. Енді мені дұшпандарға күлкі қылма да мені залым елмен бірге санама!»,- деді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Мұса еліне ашуланған әрі күйінген халде оралып: «Менен кейін істегендерің неткен жаман еді. Раббыңыздың әмірін тездеткілерің келді ме?» - деді. Сөйтіп, / қолындағы / тақтайларды тастап жіберді де, бауырының басынан ұстап, оны өзіне қарай тартты. / Һарун / :«Әй, анамның ұлы! Негізінде, бұл ел мені басынып, өлтіре жаздады. Сондықтан мені дұшпандарға таба қылма әрі әділетсіз адамдармен бір деп есептеме!» - деді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي