Сонда оны Раббы жақсы қабылдап, көркем өсірумен өсірді және оған Зәкерияны (Ғ.С.) ие қылды. Зәкерия оның хұжырасына әр кіргенде оның қасында көрек тапты. «Әй Мәрйем! Осы саған қайдан келді?»,- деді. Мәрйем: «Ол Алланың қасынан, шәксіз Алла қалаған құлын есепсіз ризыктандырады» деді
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Раббысы оны жақсы түрде қабылдап, көркем етіп өсірді және оны Зәкәрияның қарауына берді. Зәкәрия әрқашан оның алдына - михрабқа / құлшылық орнына / кірсе, оның алдынан ризық көретін. Ол: «Ей, Мәриям! Бұл саған қайдан / келуде / ?»- деді. Ол / Мәриям / :«Ол - Аллаһтан. Ақиқатында Аллаһ қалағанына сансыз ризық береді», - деді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي