Шын мәнінде Кітап иелерінен Аллаға иман келтіріп, сендерге түсірілген әрі өздеріне түсірілген нәрселерге Алладан қорыққан түрде сенетіндері де бар. Сондай-ақ олар Алланың аяттарын аздаған бағаға сатпайды. Міне солар үшін Раббыларының қасында сыйлық бар. Алла (Т.) тез есеп көруші.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ақиқатында, Кітап берілген қауымның ішінде Аллаһқа әрі сендерге түсірілгенге / Құранға / және өздеріне түсірілгенге / Тәурат пен Інжілге / сенетіндер, Аллаһқа берілгендер, Аллаһтың аяттарының орнына болмашы бағаны / бұл дүниелікті / сатып алмайтындар бар. Міне, солардың сыйы - олардың Раббысында. Негізінде, Аллаһ - есепті жылдам алушы.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي