(Мұхаммед Ғ.С.) оларға Алланың мейірімі бойынша, жұмсақ сыңай байқаттың. Егер тұрпайы, қатал жүректі болсаң еді, әрине олар маңайыңнан тарқап кетер еді. Сондықтан оларды кешірім етіп, олар үшін жарылқау тіле де іс жөнінде олармен кеңес қыл. Сонда қашан қарар берсең, Аллаға тәукел ет. Негізінен Алла тәуекелшілерді жақсы көреді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Сен оларға Аллаһтың мейірімімен жұмсақтық таныттың. Егер дөрекі, қатал жүректі болғаныңда, олар маңайыңнан тарап кетер еді. Оларды кешір және олар үшін / Аллаһтан / кешірім тіле әрі іс жөнінде олармен кеңес. Қашан / бір іске / шешім қабылдасаң, Аллаһқа жүгініп, Оған ісіңді тапсыр / тәуекел ет /. Шын мәнінде, Аллаһ Өзіне жүгініп, Оған істерін тапсырушыларды / тәуекел етушілерді / жақсы көреді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي