Расында Алла, сендерге дегенуәдесін шындыққа айналдырып, Оның бұйрығымен оларды өлтіре бастадыңдар. Дегенмен Алла өздеріңе сүйген нәрселеріңді көрсеткеннен кейін, осалдық қылып, берілген әмір жайында таластыңдар да қарсы келдіңдер. Сендерден біреулер дүниені қалайды да біреулер ахиретті қалайды. Сонсоң Алла сендерді сынау үшін олардан беттеріңді қайтарды да онымен қатар кешірім етті. Алла мүміндерге кеңшілік иесі.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ақиқатында, Аллаһтың рұқсатымен сендер оларды қырып жатқан кездеріңде, Аллаһ сендерге берген уәдесін шындыққа шығарды. Ал, Аллаһ өздеріңе ұнататын нәрселеріңді көрсеткеннен кейін осалдық таныттыңдар және берілген бұйрық жөнінде тартысып, бағынбай кеттіңдер. Сендердің іштеріңде осы өмірді қалайтындар бар әрі сендердің іштеріңде соңғы мәңгілік өмірді / ақиретті / қалайтындар бар. Содан кейін Ол сендерді сынау үшін олардан кері бұрды. Әрі Ол сендерді кешірді. Аллаһ имандыларға / мүміндерге / кеңшілік Иесі.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي