Егер сендерге бір игілік жетсе, оларға жаман көрінеді. Ал егер сендерге бір жамандық жетсе, оған олар хош болады. Егер сабыр етсеңдер, сақтық істесеңдер, олардың сығандықтары сендерге ешбір зиян кылмайды. Күдіксіз Алла (Т.) Олардың не істегендерін толық біледі.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Егер сендерге бір жақсылық жетсе, бұл оларды қапаландырады, әрі сендерге бір жамандық жетсе, олар бұған қуанады. Ал, егер сабыр етсеңдер әрі тақуа болсаңдар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар / , олардың қулық-сұмдығы сендерге ешбір зиян тигізбейді. Ақиқатында, Аллаһ - олардың не істеп жатқандарын Қамтушы.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي