«Расында алғаш рет жаратқанымыздай бізге жалғыз- жалғыз келдіңдер. Сендерге берген нәрселерімізді арт жақтарыңа тастатыңдар. Сондай-ақ қолдаушы болады деп ойлаған серіктеріңді сендермен бірге көре алмаймын. Әрине араларыңдағы байланыс үзілді. Ол ойлаған нәрселерің сендерден жым- жылас болды» (Оларға деп айтылады.)
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Міне, сендер Бізге, алғашқыда жаратқанымыздай жалғыз / болып / келдіңдер. Әрі Біз сендерге берген нәрселерді арттарыңа қалдырдыңдар. Енді өз араларыңда / Аллаһқа / серік деп санаған «қолдаушыларыңды» сендермен бірге көрмей тұрмыз. Араларың үзілді әрі «қолдайды» деп есептеген нәрселерің сендерден жоқ болып кетті.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي