(Мұхаммед Ғ.С.) Нұх (Ғ.С.) және одан кейінгі пайғамбарларға уахи еткеніміздей саған да уахи еттік. Сондай-ақ Ыбырайым, Ысмайыл, Ісхақ, Яғқұп (Ғ.С.), ұрпақтарына және Ғиса, Әйүп, Юныс, Һарұн және Сүлеймен (Ғ.С.) ге де уахи еттік. Әрі Дәуіт (Ғ.С.) ке Зәбұрды бердік.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Біз Нұхқа және одан кейінгі пайғамбарларға уахи еткеніміздей, саған да уахи еттік. Сондай-ақ, Ибраһимге, Исмаъилға, Исхаққа, Йаъқубқа, оның әулетіне әрі Исаға, Айубқа, Йунусқа, Һарунға әрі Сүлейменге де уахи еттік. Ал Дәуітке Зәбурді бердік.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي