Расында сендерге Кітапта: «Алланың аяттарына қарсы келінгендігін және ажыуаланғандығын сендер естіген сәтте; олар бұдан басқа сөзге кіріскенше, олармен бірге отырмаңдар; әйтпесе сендер де солар сияқты боласыңдар» деп үкім түсірді. Шәксіз Алла мұнафықтармен кәпірлерді біртұтас тозаққа жинаушы.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Анығында, Ол сендерге Кітапта: «Аллаһтың аяттарына қарсы келіп, келеке еткенін естігендеріңде, бұдан басқа сөзге ауыспайынша, олармен бірге отырмаңдар, әйтпесе, сендер де сондай боласыңдар», - деп түсірді. Күмәнсіз, Аллаһ мұнафиқтар мен кәпірлерді түгелімен Жаһаннамда (тозақ) жинаушы.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي