Аллаға шерік қатқандар: «Егер Алла қаласа еді, біз де аталарымыз да шерік қатпас едік әрі еш нәрсені арам қылмас едік.» дейді. Осы сияқты бұлардан бұрынғылар да бейнетімді татқанға дейін жасынға шығарған. (Мұхаммед Ғ.С. оларға): «Жандарыңда бізге қарсы шығара алатын білімдерің бар ма? Негізінде сендер ойларыңа ғана ілесесіңдер де өтірік айтасыңдар» де.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Аллаһқа серік қосушылар / мүшріктер / :«Егер Аллаһ қалағанда, біз де, аталарымыз да серік қоспас едік, әрі еш нәрсеге тыйым салмас едік», - дейді. Олардан бұрынғылар да біздің азабымызды тартқанға дейін, осылай өтірік санаған болатын. Айт: «Сендерде қандай да бір білім бар ма? Онда оны бізге шығарыңдар. Негізінде, сендер бос ой-жорамалға ғана ересіңдер әрі тек өтірік айтасыңдар», - деп.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي