(Мұхаммед Ғ.С.) егер саған Алланың ілтипаты, мәрхаметі болмаса еді, әрине олардың бір тобы сені адастыруды ойлаған еді. Олар өздерін ғана адастырады да саған ешбір зиян келтіре алмайды. өйткені Алла, саған Құранды және хикметті түсірді әрі саған білмегендеріңді үйретті. Сондай-ақ Алла (Т.) ның саған деген ілтипаты өте ірі.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Егер саған Аллаһтың кеңшілігі әрі Оның мейірімі болмағанда, олардың бір тобы сені адастыруды ойластырған еді. Алайда, олар өздерін ғана адастырады. Олар саған ешбір нәрседе зиян тигізе алмайды. Аллаһ саған Кітап және даналықты / сүннетті / түсірді әрі саған білмеген нәрселеріңді үйретті. Аллаһтың саған деген кеңшілігі өте үлкен.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي