Жетімнің малыңа жақындамаңдар; бірақ ол, есейгенге дейін жақсы басқаруға болады. Өлшеуді, тартуды туралықпен орындаңдар. Біреуге шамасы келетінді ғана жүктейміз. Жақындарың болса да әділдікті айтыңдар. Және Алланың уәдесін орындаңдар. Осыларды Алла нұсқады. Түсінерсіңдер.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Жетімнің мал-дүниесіне жақындамаңдар. Алайда, ол балиғатқа жеткенінше / зиян келтірмей / , жақсы түрде пайдалансаңдар болады. Өлшеуді және таразыға тартуды туралықпен толық орындаңдар. Біз әрбір жанға шамасы келетінді ғана жүктейміз. Сөйлегендерінде әділ болыңдар, тіпті жақындарың болса да. Әрі Аллаһ алдындағы сертті толық орындаңдар. Ол мұны сендерге еске алуларың үшін бұйырды.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي