Осылайша әр пайғамбарға адамдардың және жынның шайтандарынан дұшпан қылдық. Олар алдап бір-біріне жалтыраған сөздерді сыбырлайды. Раббың қаласа еді, олар оны жасамас еді. Оларды жасанды сөздерімен қойып қой.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Осылайша әрбір пайғамбарға адамдар мен жынның шайтандарын жау етіп қойдық. Олардың кейбірі өзгелерін алдап-арбау үшін көркемделген / өтірік / сөзді айтып иландырады. Егер де Раббың қалағанда, олар оны істемес еді. Енді оларды және олардың ойдан құрастыратындарын да жайына қалдыр.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي