Естеріңде болсын! Расында көктердегі, жердегі әркім Алланың иелігінде. Алладан өзге теңеген шеріктеріне шоқынғандар, олар ойларына ғана ілеседі. Сондай-ақ олар ойларынша ғана жорамалдайды.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Біліңдер! Ақиқатында, аспандардағы және жердегі әркім де - Аллаһтікі. Аллаһтан өзгені Оған серік етіп шақыратындар не нәрсеге ереді? Олар ой - жорамалдарына ғана ереді әрі олар тек өтірікті ғана айтады.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي