Ал қашан адам баласына бір зиян жетсе: Жатса да отырса да немесе түрегеп тұрса да бізге жалбарынады; алайда қашан одан зиянды айықтырсақ, тіпті оған тиген зиянды айықтыру үшін бізге жалбарынмағандай -ақ кете береді. Солайша, шектен шығушыларға істеген істері көркем көрсетілді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Қашан адамға бір зиян тисе, ол жамбастап жатса да, отырса да немесе түрегеп тұрса да Бізге жалбарынады. Қашан Біз одан зиянын кетірсек, ол өзіне тиген зиян үшін Бізге жалбарынбағандай өте шығады. Осылай, ысырап етушілерге, істеп жүргендері көрікті етіп көрсетілді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي