Алланың мешіттерінде Оның аты зікір еетілуіне тыйым салғаннан әрі мешітті бұзуға тырысқаннан кім залымырақ? Олардың мешітке қорыққан түрде ғана кірулері керек еді. Олар үшін дүниеде қорлық, ахиретте зор ғазап бар.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Аллаһқа құлшылық етілетін орындарда, Оның есімі еске алынуын тыйғаннан және ол орындарды бұзуға ұмтылғаннан өткен әділетсіз кім бар? Олар ол жерлерге / құлшылық орындарына / қорыққан күйде ғана кіруі керек еді. Оларға бұл өмірде қорлық, ал соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / өте үлкен азап бар.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي