Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Алла (Т.) сендерге оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды. Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар. Әрі Алланы ұлықтаңдар.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Рамазан айы сондай ай, онда адамдар үшін басшылық әрі тура жол мен фурқанның анық дәлелдері ретінде Құран түсірілген. Сендерден кім бұл айда болса, ораза ұстасын. Ал, кім ауру немесе сапарда болса, есебін / ұстамаған күндерін / басқа күндерде / толтырсын /. Аллаһ сендерге жеңілдік қалайды, Ол сендерге қиыншылық қаламайды. Әрі санын толтырыңдар және Аллаһты ұлықтаңдар - сендерді тура жолға салғаны үшін және шүкір етулерің / Оның берген игіліктеріне алғыс білдірулерің / үшін.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي