Немесе олардың мысалы: Терең теңіздегі қараңғылық тәрізді. Толқын үстіне толқын, оның үстін бұлт каптаған қараңғылықтар; бір-бірінің үстінде. Кісі қолын шығарса, оны көре алмайды. Алла жарық қылмаған біреудің жарығы болмайды.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Немесе / амалдары / терең теңіз ішіндегі қараңғылықтар секілді. Оны толқын үстіне толқын қаптап, ал оның үстінде бұлт бар. Қараңғылықтар бір-бірінің үстінде. Біреу қолын шығарса да, ол көрінер-көрінбестей. Аллаһ нұр бермегеннің нұры болмайды.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي