Ақыр әміріміз келген заманда, таңдырдан су қайнады. Нұх (Ғ.С.) қа: «Ол кемеге әр нәрседен бір жұп және бұрын үкім етілгеннен басқа семьянды орналастыр. Әрі иман келтіргендерді де ал» дедік. Негізінде онымен бірге иман келтірген өте аз ғана еді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Қашан әміріміз келіп, тандырдан су бұрқылдап шыққан кезде, Біз оған: «Оған / кемеге / әрбір түрден жұбымен және үйішіңнен / өздеріне байланысты / сөз бекітіліп қойғандардан басқаларын және иманға келгендерді мінгіз», - дедік. Онымен бірге иманға аз ғана / адам / келген еді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي