Қарсы келгендер топ-топ тозаққа айдалады. Сондай-ақ оған барғандарында оның есіктері ашылады. Оларға оның күзетшілері: "Сендерге іштеріңнен, өздеріңе Раббыларыңның аяттарын оқитын және Бұл күнге жолығатындықтарыңды ескертетін елшілер келмеді ме?",- дейді. Олар: "Әрине келді. Бірақ азап үкімі қарсы болушыларға шындыққа айналды" дейді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Әрі күпірлік етушілер / Аллаһқақарсы келушілер / Жаһаннамға топ-тобымен айдалады. Олар оған келіп, қақпалары ашылған кезде, оның күзетшілері оларға: «Сендерге өз іштеріңнен өздеріңнің Раббыңның аяттарын оқитын және сендерді осы күндеріңе жолығуды ескертіп, сақтандыратын елшілер келмеген бе еді?» - деген кезде, олар: «Иә», - дейді. Алайда, кәпірлерге қатысты азап туралы Сөз шындыққа айналды.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي