Ол Алла, сендерді жаратып, сосын ризық береді, одан кейін өлтіреді, соңыра тірілтеді. Ал сендердің Аллаға қосқан ортақтарыңнан, осылардан бір нәрсе істейтін кім? Алла олардың қосқан ортақтарынан пәк әрі жоғары.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Аллаһ, Ол - сендерді жаратты, кейін ризық берді, содан кейін сендерді өлтіреді / жандарыңды алады / , кейін сендерді / Есеп күні қайта / тірілтеді. Сендердің Оған серік етіп қосқандарыңның ішінде осы істердің бірін жасай алатын біреу бар ма? Ол - / барлық кемшіліктен / пәк әрі олардың серік етіп қосқандарынан жоғары.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي