(Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ей, Кітап берілген қауым! Сендер Тәурат пен Інжілді және өздеріңе Раббыңыздан түсірілгенді / Құранды / орындамайынша, ешқандай нәрсенің / хақ нәрсенің / үстінде емессіңдер», - деп. Саған Раббыңнан түсірілген / Құран / олардың көбінің шектен шығуы мен күпірлігін / имансыздығын / арттыра түседі. Сондықтан кәпірлер үшін күйінбе.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي