Расында Алланың қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың Кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардан төртеуі құрметті айлар. Міне осы берік дін. Онда бұл айларда өздеріңе зұлымдық етпеңдер. Сондай-ақ мүшріктер сендермен түгел соғысқандай сендер де олармен түгелдей соғысыңдар. Әрі расында Алла тақуалармен бірге екенін біліңдер.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ақиқатында, айлардың саны Аллаһта - он екі. Аллаһтың кітабында, Ол аспандар мен жерді жаратқан күні / белгілеген /. Олардың төртеуі тыйым салынған / айлар /. Міне, осы - тұп-тура дін. Осы айларда өздеріңе әділетсіздік істемеңдер. Мүшріктер сендермен жаппай соғысатыны секілді, сендер де олармен бәрің соғысыңдар. Әрі Аллаһтың тақуалармен / Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылармен / бірге екенін біліңдер.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي