Әй мүміндер! Сендерден кім дінінен шықса, Алла (Т.) жедел бір қауым әкеледі; Алла оларды жақсы көреді және олар да Алланы жақсы көреді. Мүміндерге қарсы жұмсақ, кәпірлерге қарсы қатал, Алла жолында соғысады. Сөгіс берушілердің сөгісінен олар қорықпайды. Осы, Алланың қалағанына беретін ілтипаты. өйткені, Алла өте кең, аса білуші.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, иманға келгендер! Сендерден кім дінінен қайтса, онда Аллаһ жақында, Өзі оларды жақсы көретін және олар да Оны жақсы көретін адамдарды әкеледі. Олар имандыларға / мүміндерге / ізетті, кішіпейіл, кәпірлерге қатты. Аллаһ жолында күреседі және жазғырушының жазғыруынан қорықпайды. Міне, осы - Аллаһтың кеңшілігі. Оны қалағанына береді. Аллаһ - мейірімі Кең, бәрін Білуші.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي