Олар, (Яћуди, Христиандар) ғалымдарымен монахтарын және мәрйем ұлы Ғисаны Алладан өзге тәңір қып алды. Негізінде олар, бір тәңірге ғана құлшылық қылуға бұйырылған болатын. Өйткені, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол, олардың қосқан шерігінен пәк.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Олар өздерінің дін ғалымдарын және монахтарын Аллаһтан өзге ие / құдай / етіп алды. Әрі Мәриямның ұлы Мәсихті де. Негізінде, оларға бір ғана құдайға / Аллаһқа / құлшылық етуі бұйырылған еді. Одан басқа / құлшылық етуге лайықты / құдай жоқ. Ол / Аллаһ / олардың серік етіп қосқандарынан пәк.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي