Мединеліктердің және маңайлардағы бәдеуилердің Алланың Елшісінен кейін қалуларына сондай-ақ оның жанынан өз жандарын артық көрулеріне болмайды. Өйткені, олар, Алла жолында шөлге душар болса, шаршаса, ашықса, кәпірлерді ызаландыратын бір жерді басып өтсе және дұшпанды жеңсе ғана оларға сол себепті жақсы ғамал жазылады. Алла игілік істеушілердің сауабын зая қылмайды.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Медине тұрғындарына және оның маңайындағы бәдәуилерге, Аллаһ Елшісінен қалып қоюларына, сондай-ақ, өз жандарын оның жанынан артық көрулеріне болмайды.
Мұның себебі, олар Аллаһ жолында шөлге душар болса, шаршап-шалдықса және бір аштыққа ұшыраса әрі кәпірлерді ызаландыратын бір жерді басып өтсе және жаудан бір нәрсені қолға түсірсе, онда оларға осы үшін ізгі амал жазылады. Шын мәнінде, Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын зая кетірмейді.

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي