(Пайғамбар, әкесімен туысқан Әбу Таліп үшін; және кейбір Мұсылмандар да иманға келмей өлген әке-шешелері үшін жарылқау тілегісі келген.) Пайғамбарға және мүміндерге тозақтық екендігі өздеріне білінгеннен кейін егер жақындары болса да мүшріктер үшін жарылқау тілеулеріне болмайды.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Пайғамбардың және иманға келгендердің, мүшріктер / Аллаһқа серік қосушылар / үшін тіпті олар жақындары болса да, олардың Жахимдық екендігі өздеріне анық болғаннан кейін кешірім тілеулеріне болмайды.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي