(Әй Мұхаммед Ғ.С.!) Тәубе етушілер, құлшылық қылушылар, мақтаушылар, ораза ұстаушылар, рүкүғ қылушылар, сәжде етушілер, жақсылыққа бұйырушылар, жамандықтан тыюшылар және Алланың шектерін қорғаушылар осы мүміндерді шүйіншіле.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Олар! істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтушылар / тәубе етушілер / , Құлшылық жасаушылар, / Аллаһқа / мақтау айтушылар, ораза ұстаушылар, рүкүғ жасаушылар, сәжде етушілер, құпталғанға бұйырушылар, тыйылғаннан қайтарушылар және Аллаһтың белгілеген шегін сақтаушылар. / Ей, Мұхаммед, / әрі имандыларды / мүміндерді / сүйіншіле.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي