Және Яһудилер: «Алланың қолы байланған » деді. Бұл сөздері себепті олардың қолдары байланып, лағынеттелді. Керісінше, Алланың екі қолы да ашық, қалағанынша береді. Әрине раббың тарапынан саған түсірілген (Құран), олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сондай-ақ олардың арасына қияметке дейін дұшпандық, өштік салдық. Сондықтан әрқашан олар соғыс үшін от тамызса, Алла оны өшірді. Олар жер жүзінде бұзықтыққа тырысады. Алла бұзақыларды жақсы көрмейді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Иудейлер: «Аллаһтың қолы байлаулы / тар / », - деді. Олардың өздерінің қолдары байлаулы / сараң / , олар айтқан сөздері үшін лағнетке ұшырады. Жоқ, олай емес, Оның екі қолы да ашық, Ол қалағанынша жұмсайды. / Ей, Мұхаммед! / саған Раббыңнан түсірілген / Құран / олардың көбінің шектен шығуы мен күпірлігін / имансыздығын / арттыра түседі. Біз олардың арасына Қиямет күніне дейін дұшпандық пен жек көрушілік салдық. Олар әркез соғыс өртін жаққан сайын, Аллаһ оны өшіреді. Олар жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасауға ұмтылады. Аллаһ бұзу-бүлдірушілік істеушілерді жақсы көрмейді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي