Әй мүміндер! Алла (Т.) ның сендерге берген бағын еске алыңдар: Сол уақытта бір ел (суық) қолын созған еді де, Алла олардың қолын сендерден тосқан еді. Сондықтан Алладан қорқыңдар және мүміндер Аллаға тәуекел етсін.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, иманға келгендер! Бір ел сендерге / жамандықпен / қолдарын созуды ойластырған кезде, Аллаһтың сендерден олардың қолдарын қайтарып, өздеріңе көрсеткен игілігін еске алыңдар. Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар/ ! Имандылар / мүміндер / тек Аллаһқа жүгініп, Оған істерін тапсырсын / тәуекел етсін /.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي