Араларыңда Алланың Елшісі барлығын біліңдер. Егер ол, істің көбінде сендерге бағынса еді, әрине қиыншылыққа ұшырар едіңдер. Бірақ Алла, сендерге иманды жақсы көрсетіп, оны жүректеріңде зейнеттеді. Сондай-ақ сендерге; қарсылықты, бұзақылықты және бас тартуды жек көрсетті. Міне солар тура жолдағылар.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Әрі біліңдер, сендердің араларыңда Аллаһтың Елшісі бар. Егер де ол сендерге көп істе бағынатын болса, өздерің қиналып қалатын едіңдер. Бірақ, Аллаһ сендерге иманды сүйікті етті және оны жүректеріңде көркем етті, әрі сендерге күпірлікті / имансыздықты / , бұзықтықты / үлкен және кіші күнәларды / және бойсұнбауды жек көрсетті. Міне, бұлар - тура жолмен жүрушілер,
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي