Әркімнің алды-артынан Алланың әмірі бойынша, өкшелеп, қорғаушы (періштелер) бар. Расында бір қаумы, өзін өзгертпейінше Алла, оны өзгертпейді. Сондай-ақ егер Алла, бір қауымға бейнет тілесе, Сонда оны ешбір қайтарушы жоқ. Әрі олар үшін Алладан өзге бір жәрдемші де жоқ.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Оның / әрбір адамның / алдында әрі артында, Аллаһтың әмірі бойынша қорғайтын муъаққибат / одан айрылмай жүретін періштелер / п77 бар. Анығында, адамдар өздеріңдегіні / иман, бойсұну, ізгі амалдар, шүкіршілігін т. б. / 1178 өзгертпейінше, Аллаһ олардағыны өзгертпейді. Ал, Аллаһ бір елге жамандық қаласа, онда оны еш нәрсе қайтара алмайды. Әрі Одан өзге оларға ешбір қамқорлық етуші жоқ.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي