Әй иман келтіргендер! Сендерге жиналыста: "Орын беріңдер" делінсе, ашылыңдар. Алла да сендерге кеңшілік етеді. Ал және: "Тарқаңдар" делінсе, дереу тарқаңдар. Алла (Т.) сендерден сондай иман келтіргендердің, ғылым бергендердің дәрежелерін көтереді. Істегендеріңді толық біледі.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, иманға келгендер! Сендерге мәжілістерде кеңінен отырыңдар делінсе, араларыңды кеңейтіңдер. Аллаһ та сендерге кеңшілік етеді. Ал, қашан сендерге: «Орындарыңнан тұрындар», - делінсе, орындарыңнан тұрыңдар. Аллаһ сендерден иманға келгендердің және білім берілгендердің дәрежелерін көтереді. Аллаһ - сендердің істеп жатқандарыңнан Хабардар.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي